57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы

Бүгін, 2023 жылғы 6 мамыр күні елордада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды.Әлемнің 21 елінен келген 116 қатысушы жеңіске жету үшін химиялық жабдықпен жұмыс істеу дағдылары, теориялық білімдері және күрделі есептерді шешу бойынша бақтарын сынады. Олимпиадаға 15 қазақстандық оқушы қатысты, олардың ішінде Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім – инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Смет Әлиханда болды.Әлихан күміс медаль жеңіп алып, «теориялық турдағы үздік шешім» номинациясында марапатталды.Қазақстан құрамасында барлығы 2 күміс және 10 қола медаль бар. Халықаралық Менделеев олимпиадасы ең күрделі және беделді зияткерлік олимпиадалардың бірі болып саналады.Қазақстандық химиктер Менделеев олимпиадасында жыл сайын жақсы нәтиже көрсететінін атап өткіміз келеді.Биылғы жылы оқушыларымыз бізді жеңістерімен қуантты. Қазақстан құрама командасын табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!