«Robotek Grand Tournament 2023» робототехникадан республикалық чемпионатының екінші күні бойынша ақпарат

2023 жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті музейінің көпфункционалды залында «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық чемпионатының финалы 3 санат: кегельринг-квадро, биатлон (жоғары санат) және сызық бойынша жүру бойынша өтті. Чемпионат ұйымдастырушылары: «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Роботек» робототехника мектебі. Робототехникадан өткен республикалық чемпионат қатысушыларын құттықтауға: – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры –Тұрсынов Гаждембек Қуанышұлы; – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары – Алкей Марғұланұлы; – Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары – Еламанов Нариман Таңатарұлы; – «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы – Бейсенбаева Жанар Маулетхановна; – «Кселл» Акционерлік қоғамы «Север» дивизионының директоры – Динара Касымова; – «Роботек» робототехника мектебінің директоры – Шалкарбеков Санжар Жаксыбекович қатысты. Робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында өткен чемпионат Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық аймақтарынан келген робототехник балалар үшін нағыз мереке болды. Чемпионат барысында команда жетекшілері мен жаттықтырушыларына Astana IT University және US Robotics – тің жетекші мамандары робототехника саласындағы заманауи үрдістерге, сондай-ақ техникалық шығармашылық пен инновацияларды дамытуға арналған бірқатар шеберлік кластар мен дәрістер өткізді. Сондай-ақ чемпионат қатысушыларына Тұңғыш Президент мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі диплом, медальдарымен және чемпионат серіктесі тағайындаған 100000, 70000, 50000 теңге сомасында ақшалай сертификаттарымен марапатталды: • кегельринг-квадро номинациясында: І орын – Ақмола облысының «Джон Сина» командасы, Жылқайдар Асылхан және Бұлат Әбілмансұр; ІІ орын – Жамбыл облысының «Oreon» командасы, Сәткен Диас және Салимов Амиржан; ІІІ орын – Алматы қаласының «Letsgo» командасы, Серік Нұртас және Қожан Дастан. • биатлон (жоғары санат) номинациясында: І орын – Қызылорда облысының «Roboimaq» командасы, Юсуп Абылайхан және Ахметкәрім Аян; ІІ орын – Шығыс Қазақстан облысының «Робо ВКО» командасы, Мәуітбек Сабыржан және Жолдыбек Бернар; ІІІ орын – Батыс Қазақстан облысының «Оқушылар сарайы» командасы, Есенгалиев Арсен және Назар Таир. • сызық бойынша жүру номинациясында: І орын – Жамбыл облысының «SpaceX» командасы, Икметуллаев Жандос және Мұратбай Естай; ІІ орын – Атырау облысының «Teren Oi» командасы, Сакишев Парасат және Жақсылық Әбілмансур; ІІІ орын – Батыс – Қазақстан облысының «№44 МГ» командасы, Махметов Бекзат және Хамза Нұрдаулет. Командаларды дайындаған мектептерге robotek.pro робототехника бойынша курстардың онлайн платформасына 3 айлық жазылым табысталды. Чемпионаттың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!