«Жаңа химия оқулықтарын жазу керек пе?»
дөңгелек үстелінің отырысы туралы ақпарат

2023 жылы 5 мамырда Астана қаласы Қ. Сәтпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің базасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының аясында «Жаңа химия оқулықтарын жазу керек пе?» дөңгелек үстелі өтті.Аталған іс-шараның жұмысына елордалық педагог-химиктер, басқа елдерден келген қатысушы командалардың жетекшілері, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Білім беру мазмұнын сараптау орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының өкілдері қатысты.Сөз сөйлегендердің қатарында елордалық дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің химия пәні мұғалімі Гюрташ Чолак Нагехан болды.Қатысушылар жаңа химия оқулықтарын жазудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, оларға қойылатын талаптарды талқылады, озық тәжірибелер мен тәжірибе алмасу анықталды.