«Robotek Grand Tournament 2023» робототехникадан республикалық чемпионатының бірінші күні бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Роботек» робототехника мектебінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 4 мамыр күні ҚР Тұңғыш Президенті музейінің көпфункционалды залында «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық чемпионатының финалы төрт санат: робо-сумо, биатлон (кіші топ), эстафета және лабиринт бойынша өтті.
Чемпионаттың мақсаты – робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу. Техникалық білім беру мәселелеріне көпшілік пен мемлекеттің назарын аудару.
Еліміздің барлық аймақтарында 3000-нан астам оқушының қатысуымен өткен іріктеу кезеңінен жүзден жүйрік шыққан 260 оқушы Астана қаласында робототехникадан ең танымал 7 санат бойынша екі күн бойы өтетін финалдық кезеңде сайысқа түсуде. Чемпионатқа түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуде үлкен тәжірибесі бар төрешілер командасы қазылық етеді.
Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша:
Робо-сумо номинациясында:
І орын – Ұлытау облысының «Барс» командасы, Бердібай Даниал және Мұхат Нияз;
ІІ орын – Павлодар облысының «В 54» командасы, Хамзаева Томирис және Амантай Муслим;
ІІІ орын – Атырау облысының «RoboHero» командасы, Төлеген Нұргелді және Жолдас Жандос.
Биатлон (кіші топ) номинациясында:
І орын – Қызылорда облысының «Robostar» командасы, Кубеев Ибрахим және Қарасай Бекболат;
ІІ орын – Астана қаласының «DNVR» командасы, Листопадний Глеб және Жетпісбеков Әкежан;
ІІІ орын – Павлодар облысының «J8» командасы, Исабек Нұралы және Серік Нұрқанат.
Эстафета номинациясында:
І орын – Жамбыл облысының «SSG» командасы, Сапаралиев Алижан және Елебай Өтемыс;
ІІ орын – Қызылорда облысының «Robo Orda» командасы, Темірбек Нартай және Дәулет Әміржан;
ІІІ орын – Павлодар облысының «J97» командасы, Баян Қасиет және Казтаев Казбек.
Лабиринт номинациясында:
І орын – Астана қаласының №22 мектеп-гимназиясы командасы, Ержанов Владислав және Сафонов Валерий;
ІІ орын – Павлодар облысының «FastBoot» командасы, Мукин Абылай және Орынғазы Дидар;
ІІІ орын – Жамбыл облысының «AVATAR» командасы, Шәпен Нүркен және Бахтиярұлы Бекболат «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен, медальдармен және сәйкесінше 100 000, 70 000, 50 000 теңге сомасында ақшалай сертификаттарын, ал командаларды дайындаған мектептер robotek.pro робототехника бойынша курстардың онлайн платформасына 3 айлық жазылым табысталды.
Еліміздегі техникалық бағытты дамытуға ерекше ықпал ететін Чемпионат робототехник балалар үшін нағыз мереке болды!