Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада 2023 жылдың 2-4 мамыры күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтті. Аталған олимпиадаға еліміздің барлық қалалары мен облыстарынан 169 оқушы қатысты. Астана қаласының білім беру мекемелерінен (15 мектептен, 16 оқушыдан) құралған команда қатысты. Оқушыларымыз «Кіл жақсының ішінен кім жақсы» екенін дәлелдей білді. Келесі жүлделі орындарға ие болды:І орын: 4 оқушы (№№24ОМ, 87МГ, 77МГ, А. Байтұрсынов атындағы BINOM School мектеп-лицейі);ІІ орын:2 оқушы (№№93МГ, 52МГ);ІІІ орын:2 оқушы (№№4МГ, 51МГ);Грамота: 2 оқушы (№№74МГ, 65МГ).Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!