2023 жылдың 3 мамыр күні «NURORDA» мектеп-лицейінің базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының аясында «Химияны заманауи оқытудағы эксперименттің орны мен рөлі» дөңгелек үстелін өткізді.
Елордалық педагог-химиктер дөңгелек үстел отырысына белсенді қатысты.
Айта кететін жайт, аталған іс-шараның жұмысына жақын шетелдің, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Білім беру мазмұнын сараптау орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Астана қ. Әдістемелік орталығының өкілдері қатысты.
Жақын шетелден келген қатысушылар мен елордалық химия пәні мұғалімдері білім мен тәжірибе алмасып, эксперименттің заманауи химияны оқытудағы рөлі мен орнын талқылады.