«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы

2023 жылдың 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматында өтті. Форумның мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту. Форумға 4 номинация бойынша Астана қаласы білім беру мекемелерінен 11-17 жас аралығындағы 9 оқушы қатысты.«Мен мамандықты ….. таңдаймын» номинациясы бойынша:1. Пайкидзе Кира- №3 мектеп-гимназия, қазақ тілінде;2. Грабовская Ксения Вадимовна – №26 мектеп-лицей, орыс тілінде;3. Кызылбаев Алихан Талгатович – Дарынды ер балаларға арналға «Білім инновация» лицей-интернат, ағылшын тілінде.«Болашақтың мамандығы…» номинациясы бойынша:1. Адайұлы Азамат – №8 мектеп-лицей,қазақ тілінде;2. Пак Ален – №1 мектеп-лицей, орыс тілінде.«Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша:1.Нақышбаев Жақсылық – Zharkyn Smart School, қазақ тілінде;2. Жасымбек Мәди Ғаниұлы – №9 «Зерде» мамандандырылған мектеп, орыс тілінде.«Мамандық тұлғасы» номинациясы бойынша:1. Муратов Султан Базарбаевич – Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейі, қазақ тілінде;2. Муканова Малика Муратовна – Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейі, орыс тілінде.Форумға қатысушыларға сәттілік тілейміз!