«Robotek grand Tournament 2023» робототехника бойынша республикалық турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Дарын» РҒПО қолдауымен 2023 жылдың 4-5 мамырында Астана қаласында «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық турнирінің финалы (Әрі қарай – Турнир) өтеді. Турнирдің іріктеу кезеңдері барлық аймақтарда 3000-нан астам оқушының қатысуымен өтті. Жүзден жүйрік шыққан 260 оқушы ҚР Тұңғыш Президенті музейі ғимаратындағы көпфункционалды залда өтетін финалдық кезеңге қатысады. Турнирді «Дарын» РҒПО-ның қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Astana IT University, «Нұрсұлтан Назарбаев» Қоры, «Роботек» робототехника мектебі ұйымдастырып өткізеді.Турнирдің мақсаты – робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу. Техникалық білім беру мәселелеріне көпшілік пен мемлекеттің назарын аудару. Екінші рет өткізілгелі отырған Турнирге Қазақстанның Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен барлық аймақтарынан командалар қатысады. Турнир робототехника бойынша ең танымал 7 санат бойынша өтеді. Турнирге түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізуде үлкен тәжірибесі бар төрешілер қазылық етеді. Турнирдің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, санаттар бойынша жарыс жеңімпаздары «Дарын» РҒПО- ның I, II және III дәрежелі диплом, медальдарымен , Турнир демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздарды дайындаған оқытушыларға алғыс хаттар табысталады. Турнир робототехник балалар үшін нағыз мереке болады және Қазақстанда техникалық бағытты дамытуға зор ықпал етеді!