«Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» I Халықаралық жастар форумы аясында өткізілген серіктестік сабақтарға шолу

2023 жылдың 28 сәуірінде № 26 мектеп-гимназиясында (бұдан әрі – мектеп) «Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» I Халықаралық жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – кәсіби өзін-өзі анықтауды сүйемелдеуді және мұғалім мамандығын насихаттауды қамтамасыз ету үшін педагогикалық және оқытушылар мен студенттер қауымдастығын шоғырландыру. Бұл форум Астана қаласы пилоттық мектеп жобасы құрамындағы мектептердің педагогтік сынып бағытындағы оқушылары мен ЕАГИ, және ҚИИБ колледждерінің студенттерін біріктірген педагогикалық сыныптарды ашуды бастаудың бірегей алаңына айналды. Форум аясында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Соның бірі – серіктестік сабақтар (мектептің мұғалім-оқушы педагогикалық сыныбы). «Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының әдіскерлері (Садвакасова А.Д, Мугалова Ғ.Қ., Билалова А.С.) 1 «Ә», 7 «А», 9 «Б», 8 «А» сыныптарында қазақ тілі, биология, ана тілі, дене шынықтыру, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша «Спорт өнер ме? Қожаның қиялы», «Тұқым қуалаушылықтың генетикалық заңдылықтарының цитологиялық негіздері», «Бота.Тасымал.», «Допты беру және қабылдау техникасын үйрету», «АҚШ-тағы ғылыми-техникалық революцияның қазіргі әлемдегі елдердің дамуына әсері» тақырыптарында ұймдастырылған ашық сабақтарға қатысты. Бүгінгі форумның аясында өткізілген іс-шаралардың мектеп түлектерінің педагогикалық оқу орындарын саналы түрде таңдауына, оқушылардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын оятуына өз үлесін қосады деген сенімдеміз.