«ProEсo» республикалық конкурсы

2023 жылдың 26-27 сәуір күндері 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEсo» республикалық конкурсы қашықтықтан өтті. Республикалык кезеңге 1 орын алған 4 елордалық оқушы қатысып, «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша №79 мектеп-лицейінің 6- сынып оқушылары Суесинов Асанали және Жакупов Альмухамед -1 орын; «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша «Tamos мектебінің» 7 -сынып оқушысы Волков Клим – 2 орын және «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша №83 мектеп- гимназиясының 8- сынып оқушысы Романова Ксения грамотамен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!