Республикалық «Мен зерттеушімін» мектепке дейінгі жастағы балалар арасында жобалар байқауының қалалық (іріктеу) кезеңі қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту,экологиялық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар бойынша жобаны қорғауға арналған республикалық «Мен зерттеушімін» байқауының (бұдан әрі – Байқау) қалалық кезеңін 2023 жылдың 28 сәуірінде орталықтың базасында өткізді. Байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан әр балабақшадан ересек балалар,мектепалды топтары балалары арасында тәрбиелеу және білім беру тілінде бір ғана жеке немесе топтық жұмыстарына 24 балабақшадан 42 жобаға өтінім қабылданды. Қазылар алқасы қатысушылардың видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады: І орын -3 (№35 «Ертегі» б/б,№20 «Арайлым» б/б, №32 «Балдәурен» б/б) ІІ орын -1 (№3 «Күншуақ» б/б) ІІІ орын – 6 (№38 «Шаттық» б/б, №76 «Әдемі» б/б, №26 «Үміт» б/б,№77 «Қошақан» б/б, №11 «Гауһар» б/б, №81 «Әсемгүл» б/б). Грамота -3 (№26 «Үміт» б/б, №69 «Еркем-ай» б/б, №11«Гауһар» б/б) «Мен зерттеушімін» байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар, қатысушыларға сертификаттар электронды нұсқада «Астана дарыны» орталығының сілтемесі арқылы беріледі. Қалалық кезеңнің І және ІІ орын иегерлері мамыр айында өтетін республикалық кезеңге қатысады.