7-8 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 7-8 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі)бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңін 2023 жылдың 27 сәуірінде №87 мектеп-гимназиясында (А.Иманов к,37) ұйымдастырып өткізеді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңіне аталған олимпиаданың аудандық кезеңінің І,ІІ,ІІІ орын жеңімпаз бен жүлдегерлері, сонымен қатар мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады.Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілейміз.