7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология бойынша республикалық олимпиаданың екінші күні

27 сәуір. Қ. Сәтбаев атындағы және Қадыр Мырза Әли атындағы BINOM мектептерінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология бойынша республикалық олимпиаданың II практикалық туры өтті. Тәжірибелік тур аяқталғаннан кейін олимпиада қатысушылары Астанадағы ЭКСПО орталығының ерекше ғимараттарының бірі – «Нұр-Әлем» сфералық павильонына барды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ертең, 28 сәуірде «Думан» қонақ үйінің мәжіліс залында өтеді.