«Олимп шыңына апарар жол» тренинг-семинарлардың қорытындысы

2023 жылдың 27 сәуірінде Қаныш Сатпаев атындағы BINOM SCHOOL және Қадір Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейлерінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы (бұдан әрі – «Астана дарыны» орталығы) химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық жасөспірімдер олимпиадасы барысында химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Олимп шыңына апарар жол» тренинг-семинарларын (бұдан әрі – семинар) өткізді. Семинарға аймақтардан және елордалық 20-дан астам жетекші қатысты. Семинарда барысында химия және биология пәндерінің педагогтері дәрістер оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Еуразия Ұлттық Университетінің Жалпы биология және геномика кафедрасы профессорының м.а., биология ғылымдарының кандидаты Динмухамедова Айгуль Салимжановна, Еуразия Ұлттық Университетінің Жалпы биология және геномика кафедрасының биология ғылымдарының кандидаты Дүкенбаева Асия Дарбаевна, «Білім-Инновация» Халықаралық Қоғамдық Қорының әдіскері Сыздыков Аскар Тулегенович өз ойларын ортаға салды. Семинар барысында жетекшілерден «Астана дарыны» орталығының аймақтардағы химия және биология мұғалімдері үшін тәжірибемен алмасу мақсатында онлайн семинарлар ұйымдастыруы жөнінде ұсыныстар түсті.