Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты
«Мобильді робототехника» құзыреттілігі

Астана қаласының Білім басқармасы басшысының 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №786 «Қалалық JasSkills Astana 2023 кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 27 сәуір күні жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша сайыс өтіп жатыр. Астана қаласы әкімдігінің Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында өтіп жатқан чемпионатқа 3 командадан тұратын 6 елордалық оқушылар қатысып жатыр. «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша: 1. №9 «Зерде» ММ-Божанов Алдияр,Игембаев Айтбатыр; 2. №52 мектеп-гимназия -Назарбаев Нұрсұлтан,Қайруллов Мырза 3. №68 мектеп-гимназия-Утубаев Алдияр,Тулеген Адилет. Қатысушылар чемпионат барысында 2 модульден тұратын тапсырмаларды орындайды: 1 модуль (С1): Роботты құрастыру және роботтың негізгі функционалдығын көрсету үшін негізгі бағдарламалар жиынтығын жасау (2 сағат); 2 модуль (C2): Роботты жөндеу және «жұқтырған заттарды жинау» тест тапсырмасын орындау (2 сағат). Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар бақылап, бағалады. Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаттың қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.