Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты
«Графикалық дизайн» және «Мехатроника» құзыреттіліктері

Астана қаласының Білім басқармасы басшысының 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №786 «Қалалық JasSkills Astana 2023 кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 26 сәуір күні жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының «Графикалық дизайн» және «Мехатроника» құзыреттіліктері бойынша сайыс өтіп жатыр. Астана қаласы әкімдігінің Astana Polytechnic жоғары колледжінде өтіп жатқан чемпионатқа 12 елордалық оқушы қатысып жатыр. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша: 1. №65 мектеп-гимназия -Пәтте Санжар; 2. №8 мектеп-лицей – Адайұлы Азамат; 3. №11 мектеп-лицей – Жанибеков Алишер; 4. №№5 гимназия -Шмигельский Макар; 5. №52 мектеп-гимназия – Сағымбек Нұрдәулет; 6. №58 мектеп-гимназия – Бахит Расул. «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша: 1. №9 «Зерде» ММ- Сайтов Исламбек, Даримбай Жаһангер; 2. А.Байтұрсынов ат. Binom school МЛ- Ханағат Сырым, Қалел Әлихан; 3. Ә.Бөкейхан ат. Binom school МЛ- Ашихатов Бижан, Үсенбай Бекболат. Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар бақылап, бағалады. Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаттың қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.