2023 жылдың 26 сәуірінде № 8 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді (бұдан әрі – Олимпиада).Мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.Олимпиада қалалық кезеңіне 37 білім беру ұйымынан 65 жас педагог: педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер), психологтер және жас мұғалімдер, сонымен қатар қалалық білім беру ұйымдары 9-11 сынып оқушыларының 16 командасы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер): I орын -1, II орын -2, III орын-3, грамота-3;педагог – психологтер:І орын-1, II орын-1, III орын-2, грамота-3; жаратылыстану-математикалық бағыт: I орын-1, ІI орын-2, III орын-3, грамота-3; гуманитарлық бағыт: I орын-2, ІI орын-4, III орын-6, грамота-6; бастауыш сынып мұғалімдері: I орын-1, ІI орын-1, III орын-1, грамота-1; жоғары сынып оқушылары:I орын-2, ІI орын-2, III орын-4, грамота-4. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!