«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін
өткізу туралы ақпарат

2023 жылдың 26 сәуірінде № 8 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңін өткізеді.Олимпиаданың қалалық кезеңіне 70-ке жуық жас педагог: педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) мен психологтер, магистранттар және жас мұғалімдер, сонымен қатар қалалық білім беру ұйымдары 9-11 сынып оқушыларының 16 командасы қатысады.Қалалық кезеңнің басталу уақыты: 10:00, тіркелу уақыты: 9.30-9.55-ке дейін. Информация о проведении городского этапа республиканской педагогической олимпиады «Талантливый учитель – одаренным детям»