«Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі
қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты

Астана қаласының Білім басқармасы басшысының 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №786 «Қалалық JasSkills Astana 2023 кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 21 сәуір күні жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша сайысы өтті. Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің «Құзыреттілік орталығында» өтіп жатқан чемпионатқа 5 елордалық жеткіншек қатысты: 1. №35 мектеп-лицей- Сабирова Карина; 2. №1 мектеп-лицейі – Кондратенко Даниил; 3. №83 мектеп-гимназиясы- Калекешова Адема; 4. №8 мектеп-лицейі- Еспенбетова Анар; 5. №38 мектеп-лицейі – Мустафина Мадина; Қатысушылар чемпионат барысында 4 модульден тұратын тапсырмаларды орындады: 1 модуль.Үстел-қорапты жабдықтау; 2 модуль.Майлықты (салфетка)10 түрлі әдіспен бүктеу; 3 модуль. Ыдыстарды сүрту; 4 модуль. 2 қонаққа арналған үстелді қызмет көрсету үшін дайындау. Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар бақылап, бағалады. «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша чемпионаттың қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.