«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі қорытындысы

2023 жылдың 19 сәуірінде № 93 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы қалалық кезеңінің іріктеу турын өткізді (бұдан әрі – Олимпиада).Мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.Іріктеу кезеңінде 94 жас педагог: педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) мен психологтер, магистранттар және жас мұғалімдер қатысып, оның ішінде 68 жас маман Олимпиаданың қалалық кезеңіне өтті.Білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларының 20 командасы «Ұлы даланың көрнекті педагогтері», Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы», «Мағжан Жұмабаев – «Мен жастарға сенемін» тақырыптарына сценарийлерін ұсынып, нәтижесінде 16 команда қалалық кезеңге қатысады.