«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспары негізінде республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қалалық іріктеу кезеңін 8-11 сынып оқушылары арасында №57 орта мектебі базасында (Шарбақты к., 46) 2023 жылдың 21 сәуір күні өткізеді. Басталуы: сағ 9:00-де Оқулардың мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау. Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация (әр мектептен әр номинацияға 1 (бір) оқушыдан) бойынша өткізіледі: 1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – жазба ақындар мүшәйрасы;2. Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау; 3. «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу;4. «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» – ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау (презентация қорғау).Оқуларға елордалық мектептерден 162 оқушы қатысады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!