«WorldSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты

2023 жылдың 17 сәуірінде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда VIII аймақтық «WorldSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.Чемпионатты салтанатты түрде Астана қаласы Білім басқармасының басышысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы және 2022 жылғы WorldSkills Республикалық чемпионатының жеңімпаздары бастады. 49 құзыреттілік бойынша өтетін «WorldSkills Astana 2023» чемпионатына елорданың 22 техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінен 280-нен астам студент қатысады. Осы чемпионат аясында 18-27 сәуір күндері аралығында 8-9 сынып оқушылары арасында өтетін «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатына 26 жалпы білім беру мекемесінен 57 оқушы 9 құзыреттілік бойынша қатысады.Чемпионат қатысушыларына сәттілік тілейміз!