Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты

«Сән технологиясы» құзыреттілігіАстана қаласы Білім басқармасы басшысының 2023 жылдың 13 сәуіріндегі №786 «Қалалық JasSkills Astana 2023 кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 18-19 сәуір аралығында жалпы білім беру мектептерінің 8-9 сынып (14-16 жас) оқушылары арасында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «JasSkills Astana 2023» қалалық чемпионатының «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша сайыс өтіп жатыр. Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде өтіп жатқан чемпионатқа 6 елордалық жеткіншек қатысып жатыр:1. №25 орта мектеп- Сүлейменова Анель;2. №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі – Көшкенбай Аида;3. №77 мектеп-гимназиясы- Искакова Айша;4. №65 мектеп-гимназиясы- Наушенова Данель;5. Ә.Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицей – Касанова Амина; 6.№38 мектеп-лицей – Жолимбет Айжан.Қатысушылар чемпионат барысында 3 модульден тұратын тапсырманы орындайды: I модуль – Эскиздеу: әйел жилеті моделінің эскизін сызу (3 түрлі), 1 сағат;II модуль – Модельдеу: өзі сызған үш модельдің біреуін таңдап, сызбасын құрасытырып, лекалдарын әзірлейді, матаға жайма жасап пішеді, 2 сағат.III модуль- Әйелдер жилетін тігу, 6 сағат;Қатысушылардың барлығына аспаптар мен құралдардың бірдей жиынтығы ұсынылды. Чемпионатқа қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сарапшылар бақылап, бағалайды.Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы 28 сәуір күні өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.