«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңін
өткізу туралы ақпарат

2023 жылдың 19 сәуірінде № 93 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық кезеңінің іріктеу турын өткізеді. Іріктеу кезеңіне конкурсқа қатысуға өтінім қалдырған білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларынан құралған командалар, жас педагогтер, педагог-ұйымдастырушылар (тәлімгерлер) мен психологтер, магистранттар және педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің соңғы курс студенттері қатысады. Іріктеу кезеңінің басталу уақыты: 10:00, тіркелу уақыты: 9.30-9.55-ке дейін. Іріктеу кезеңіне қатысу үшін тіркелген педагогтер саны – 91, оқушылар командасы – 19.