Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытындысы

Ағымдағы жылдың 13-14 сәуір күндері қалалық «WorldSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатынының аясында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында қалалық «JasSkills Astana -2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтті. Чемпионаттың іріктеу кезеңіне 26 білім беру мекемесінен 61 оқушы 6 құзыреттілік бойынша қатысты. 13 сәуір күні №52 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша 11 команда (№9 Зерде ММ,№25,№80,№55,№15,Zharkyn Smart School,№1,№83,№52,А.Бөкейхан ат. Binom мектеп-лицейі,Қ.Сатпаев ат. Binom мектеп-лицейі) өздерінің бизнес жоспарын презентация түрінде қорғады, нәтижесінде чемпионаттың қалалық кезеңіне 6 мектептің командасы (№9 Зерде, ,№55,№15,Zharkyn Smart School, №1, А.Бөкейхан ат. Binom мектеп-лицейі) өтті. 14 сәуір күні Ә.Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейінде «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша 7 оқушы (№№25,82,77,65,38, А.Бөкейхан ат. Binom мектеп-лицейі, Қ.Сатпаев ат. Binom мектеп-лицейі) қатысты. Қатысушылар 3 модульден (эскиз,алжапқыш үлгілерін әзірлеу және орналастыру, алжапқышты тігу) тұратын тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде чемпионаттың қалалық кезеңіне 6 оқушы (№№25,82,77,65,38, А.Бөкейхан ат. Binom мектеп-лицейі) жолдама алды. 14 сәуір күні Ә.Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп – лицейінде «Мейрамханалық сервис» құзыреттілігі бойынша 10 оқушы (№№89,25,35,65,1,83,8,52,38,А.Байтұрсынов ат. Binom мектеп-лицейі) қатысты. Қатысушылар 20 минут ішінде майлықтарды (салфетка) қайталанбайтын 10 әдіспен бүктеу бойынша тапсырма орындады. Қазылар алқасының шешімімен чемпионаттың қалалалық кезеңіне 5 оқушы (№№35,65,1,83,8,) өтті. 14 сәуір күні №8 мектеп-лицейінде «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 9 оқушы (№№9,25,30,38,52,76,37,58, Қ.Сатпаев ат. Binom мектеп-лицейі) қатысты. Қазылар алқасының шешімімен чемпионаттың қалалық кезеңіне 6 оқушы (№№25,30,38,52,76,37) өтті. 14 сәуір күні №8 мектеп-лицейінде «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша 14 оқушы (№№9,25,66,38,65,8,90,11,5,52,53,58, Zharkyn Smart School, Қ.Сатпаев ат. Binom мектеп-лицейі) қатысты. Нәтижесінде чемпионаттың қалалық кезеңіне 6 оқушы (№65,8, 11,5,52, 58) жолдама алды. 14 сәуір күні №8 мектеп-лицейінде «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша 10 оқушы (№№9,66,63,65,60,8,58, А.Бөкейхан ат. Binom мектеп-лицейі, Қ.Сатпаев ат. Binom мектеп-лицейі, А.Байтұрсынов ат. Binom мектеп-лицейі, Zharkyn Smart School) қатысты. Нәтижесінде чемпионаттың қалалық кезеңіне 5 оқушы (№№9,66,8,60 А.Байтұрсынов ат. Binom мектеп-лицейі) өтті. «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының қалалық кезеңіне қатысушыларға сәттілік тілейміз!