«Сызық бойымен жарыс»санатындағы роботтардың жарысы

2023 жылдың 14 сәуірінде «Астана дарыны» орталығы «Роботек» білім беру және спорттық робототехника мектебімен бірлесе отырып «Сызық бойымен жарыс» санатындағы роботтар жарысын №8 мектеп-лицейінде өткізді. Жарысқа мемлекеттік білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты.​Жарыстың мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.​Ережеге сәйкес жарысқа әр мектептен 14-17 жас аралығындағы бір команда қатысты. Роботтар жарысы үшін қатысушылар берілген траектория бойынша басынан аяғына дейін жүре алатын автономды робот дайындады.​«Сызық бойымен жарыс» санатындағы роботтар жарысы қатысушыларының ішінен озып шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қазылар алқасының шешімімен «Астана дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары, грамоталарымен марапатталды: I орын: №1 МЛ;II орын: №№ 31 МГ, 68 МГ;III орын: №№8 МЛ, 51 МГ, 86 МГ;грамота: №№60 МЛ, 38 МЛ, 67 Г.Жарысқа қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар беріледі. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!