Астана қаласы оқушыларының Республикалық олимпиадаға қатысуы туралы ақпарат

9-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада 2023 жылдың 18-21 сәуір күндері аралығында өңірлерде өткізіледі. Астана қаласында Олимпиада Ы. Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің базасында өтеді. Олимпиадаға Астана қаласының білім беру мекемелерінің 45 оқушысы (тізім қоса беріледі) + 7 оқушы (РФММ) және 11 оқушы (НЗМ) – барлығы 63 оқушы қатысады. Олимпиаданы өткізу күндері: 18 сәуір – І тур (жазбаша тапсырмалар); 20 сәуір – ІІ тур (тарих, құқық, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ мектебіндегі орыс тілі-жазбаша тапсырмалар; шет тілдері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектебіндегі қазақ тілі-ауызша тур); 21 сәуір – апелляция.