7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (математика,физика,химия,биология,география,информатика) бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңін 2023 жылдың 14 сәуірінде №72 мектеп-лицейінде (А.Байтұрсынұлы,25) өткізеді. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңіне аталған олимпиаданың аудандық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады.Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілейміз.