«Сызық бойымен жарыс» санатындағы роботтар жарысы

2023 жылдың 14-ші сәуірінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Роботек» білім беру және спорттық робототехника мектебі бірлесе отырып робототехникадан «Сызық бойымен жарыс» санатындағы роботтар жарысын өткізетінін хабарлайды. Жарыстың мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жарысқа қатысуға мемлекеттік білім беру мекемелерінен 14-17 жас аралығындағы 32 команда өтініш білдірді. Өтетін орны: №8 мектеп-лицейі (С.Сейфуллин к., 50). Қатысушыларға сертификаттар табысталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.