Жас математик мұғалімдерге арналған олимпиаданы өткізу туралы ақпарат

2023 жылдың 14 сәуірінде «Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығымен бірлесе отырып жас математик мұғалімдерге арналған олимпиаданы өткізеді.Олимпиаданың мақсаты – ұстаздардың беделін арттыру, кәсіби шеберлігін насихаттау, тәжірибемен алмасу.Олимпиаданың өтетін орны: № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебі.Олимпиаданың өту уақыты: 10:00-13:00Өту форматы: офлайн. Қатысушылардың жасы – 35 жасқа дейін.Олимпиадаға қатысушыларға «Астана дарыны» орталығы және қазақстандық математика мұғалімдері қауымдастығының сертификаттары табысталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, грамоталармен марапатталады.Олимпиадаға қатысу үшін 107 педагог тіркелді.