Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңі бойынша ақпарат

Ағымдағы жылдың 13-14 сәуір күндері қалалық «WorldSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатынының аясында «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 8-9 сынып оқушылары (14-16 жас) арасында қалалық «JasSkills Astana 2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді. Чемпионаттың іріктеу кезеңіне 28 білім беру мекемесінен 97 оқушы 6 құзіреттілік бойынша қатысады: 1. «Кәсіпкерлік» – 13 сәуір, №52 мектеп-гимназиясында, 26 оқушы; 2. «Сән технологиясы» – 14 сәуір, Ә.Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп – лицейінде, 11 оқушы,; 3. «Мейрамханалық сервис» – 14 сәуір, Ә.Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп – лицейінде, 13 оқушы; 4. «Веб-дизайн және әзірлеу» – 14 сәуір, №8 мектеп-лицейінде, 16 оқушы; 5. «Графикалық дизайн» -14 сәуір, №8 мектеп-лицейінде , 16 оқушы; 6. «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» – 14 сәуір күні, №8 мектеп-лицейінде, 15 оқушы. Чемпионат ережесіне сәйкес әр құзіреттілік бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 5 қатысушы қалалық кезеңге жолдама алады. Қалалық «JasSkills Astana 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңі қатысушыларына сәттілік тілейміз!