Ғылым күніне арналған іс -шаралардың
пост шығарылымы

2023 жылы 12 сәуірде Ғылым күні аясында №73 мектеп-лицейінде республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері өздерінің ғылыми өнертабыстарын ұсынып, химиялық шоу көрсетті, сондай -ақ QAZPATENT Ұлттық зияткерлік меншік институтының мәжіліс залында ICSC Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Қыздар және зияткерлік меншік – инновациялар мен шығармашылықтың катализаторы» халықаралық ғылыми форумы өтті. Форумда біздің өміріміз және болашағымыздың қалыптасуындағы қыздардың рөлі туралы айтылды. Мектеп залында жас зерттеушілер жобаларының тұсаукесері өтті. Көрмені Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пен Білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазиев аралап көрді. Бірде-бір қатысушы назардан тыс қалмады, Ғани Бектайұлы әр қатысушыны ықыласпен тыңдады. Жас ғалымдар Оқу – ағарту министрінің қойған сұрақтарына тез әрі сенімді жауап берді. Көрнекті ғалымдардың ғылыми жұмыстарынан шабыт алған елордалық мектептердің оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында жоғары бағаланған өз жобаларын ұсынды. Диалог қызу әрі қызықты өтті. Көрмеде оқушылар мен қонақтар химиялық шоуға белсене қатысып, ерекше ғажайыпқа толы шоудың қыр – сырын білуге тырысты. Әрбір оқушының қабілетін ашу, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүруге дайын тұлға тәрбиелеуді көздеген көрме өз мақсатына жетті. Форумға «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы», дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы, Назарбаев зияткерлік мектептері, «Зерде» және РФММ, сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстанның білім беру мекемелері ұйымдастырған түрлі халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары – дарынды оқушы қыздар қатысты. Айтулы іс-шара ғылым жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық деңгейін көтеруге ұмтылысын қалыптастыруға ықпал етеді. Ғылымды дамыту және насихаттау – адам өмірінің барлық салаларын жаңартудың ең маңызды факторы, ол жастарды қоғамға тарту үшін маңызды. Ғылым күні аясында өткізілген іс-шаралар жарқын сәттерімен есте қалды.