ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАЛАР ЖӘНЕ КОНКУРСТАР
202З жылдың наурыз айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы барлығы 9 іс – шара (2 халықаралық, 2 республикалық, 5 қалалық) өткізді. Аталған іс – шараларға Астана қаласынан барлығы 1414 оқушы қатысып, 117 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 37;
II орын – 60;
III орын – 20.
2023 жылдың 20-25 наурыз күндері аралығында аралығында Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша ІV қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 904 оқушы қатысты. Астана қаласының білім беру мекемелерінен 70 оқушы қатысты. Оның ішінде 50 оқушы (7алтын, 18 күміс, 25 қола) жүлделі орындарға ие болды.
Математика – 15 оқушы (ІІ-5; ІІІ-10): ІІ орын – (БИЛ(ер) – 3, «Nurorda» МЛ – 1, Quantum STEM School -1; III орын – БИЛ (ер) – 7, «Nurorda» МЛ – 1, Quantum STEM School -1, Haileybury School – 1;
Физика – 7 оқушы (I-2; II-4; III-1): І орын – БИЛ (ер)- 2, ІІ орын – БИЛ (ер) – 1, №6 Г-1, №9 «Зерде» – 2; III орын – «Nurorda»МЛ – 1;
Химия – 4 оқушы (I-1; III-2): І орын – БИЛ (ер)- 1, ІІІ орын – №82 «Дарын», «Nurorda» МЛ – 1, «Spectrum»ХМ – 1;
Биология – 7 оқушы (I-3; II-1; III-3): І орын – БИЛ (ер)- 2, «Nurorda» МЛ – 1; ІІ орын – «Nurorda» МЛ – 1; III орын – «Nurorda» МЛ- 2, БИЛ (қыз) – 1;
Информатика – 14 оқушы (I-1; II-6; III-7): І орын – «Nurorda» МЛ – 1; ІІ место – БИЛ (ер) – 3, «Nurorda» МЛ – 3; III орын – БИЛ (ер)- 5, «Nurorda» МЛ – 1, №30 МГ – 1;
География – 3 оқушы (II-2; III-1):ІІ орын – БИЛ (қыз)- 1, Қ. Сәтпаев атындағы BINOM – 1, III орын – №30 МГ- 1.
2023 жылдың 13-15 наурыз күндері аралығында Азия – Тынық мұхит (АТХО) және «Жібек жолы» (ЖЖХО) Халықаралық математикалық олимпиадалары Алматы қаласында республикалық физика-математикалық мектебінде өтті.
Биыл олимпиадаға математика пәні бойынша республикалық олимпиада облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 29 оқушы қатысты.
«Жібек жолы» (ЖЖХО) халықаралық математикалық олимпиадасы бойынша: : III орын – БИЛ (ер) – 1, №3МГ-1, «NURORDA» МЛ -1.
Азия – Тынық мұхит (АТХО) халықаралық математикалық олимпиадасы бойынша: ІІ орын – Quantum STEM School -1, БИЛ (қыз)- 1; III орын- БИЛ (ер)- 3, «Nurorda» МЛ – 2.
Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы 2023 жылдың 1-3 наурыз күндері 4 секция бойынша өтті:
1 секция – математика;
2 секция – қолданбалы математика;
3 секция – механика;
4 секция – экономикадағы математикалық әдістер.
Астана қаласының 5 білім беру мекемесінен 6 оқушы қатысты : №3МГ, №9 «Зерде» (2), №50МЛ, №82 «Дарын», №90Г.
Конкурс қорытындысы бойынша 6 оқушы да (4-күміс, 2-қола) жүлделі орындарға ие болып, ІІ ,ІІІ дәрежелі дипломдармен( I орын – 4, III орын-2) марапатталды.
2023 жылдың 2-3 наурыз күндеріқыз балаларға арналған Еуропалық халықаралық математикалық олимпиаданың (EGMO) іріктеу кезеңіне Астана қаласының білім беру мекемелерінен 12 оқушы қатысты. Ең жоғары нәтиже көрсеткен «Haileybury Astana» мектебінің оқушысы ҚР командасының құрамында 13-19 сәуір күндері Порторож қаласында (Словения) өтетін кезеңде ел намысын қорғайды.
2023 жылдың 2 наурызында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің концерттік залында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Қалалық кезеңге 9-11 сыныптардың 1555 оқушысы қатысып, оның 714-і олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері (I дәрежелі медальдармен және дипломдармен – 93, II және III дәрежелі дипломдармен – 621) атанды.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы Астана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды топтары арасында ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңін 2023 жылы наурыз айының 15-16 күндері№71 «Мөлдір» (Алматы/Есіл аудандары) және №67 «Шұғыла» (Байқоңыр/Сарыарқа) балабақшаларында өткізді.
ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңіне қатысқан 27 тәрбиеленушінің 16-сы жеңімпаз – жүлдегерлер қатарынан көрінді: І орын – 4, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 7.
17 наурызда «Бестемше» ұлттық ойынының қалалық кезеңі (финал) өтті. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері финалда, № 5 «Ақбота» балабақшасында өзара бақ сынасты.
Ойынның қорытындысы: I орын – 3, II орын – 1.
2023 жылдың 16-18 наурыз күндері аралығында «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Ақмола облысы, Щучье қаласы) 2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» республикалық конкурсы өтті.
Астана қаласының білім беру мекемелерінен 45 оқушы қатысты. Оның ішінде 34 оқушы (бас жүлде -3, алтын – 10, күміс – 11, қола -10, грамота – 3) жүлделі орындарға ие болды.
«Астана дарыны» орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейімен бірлесіп 2023 жылдың 1 наурызындақалалық «ӘЛИХАН және АЛАШ» зияткерлік үстел ойынын ұйымдастырды. Аталған сайысқа 8 -10 сыныптардан 49 оқушы (8 -сынып -18, 9- сынып – 17, 10 – сынып – 14) қатысты. Бас жүлде – №53 МЛ; І орын- № 73МЛ; ІІ орын- №78 МГ, №61ОМ; ІІІ орын-№3 МГ, №9»Зерде»мМ, 91МГ. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
2023 жылдың 3 наурызында№72 мектеп-лицейінде«Астана дарыны» ДДжПС орталығы 7-8 сынып оқушылары арасындагеография пəнінен Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңін өткізді. Олимпиада KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясымен бірлесе ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының шешімімен 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңінің қатысушылары келесі жүлделі орындарға ие болды:
7 сынып: I орын – 6, II орын- 7, III орын – 12;
8 сынып: I орын – 7, II орын- 10 .III орын – 20.
2023 жылдың 15 наурызында «Астана дарыны» орталығы мен Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясы бірлесе отырып Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша өтетін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық олимпиаданың қалалық кезеңін ұйымдастырды.
Мақсаты: Білім алушылардың жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.
Олимпиадаға 8 білім беру мекемесінен 416 бала қатысты (0-11 сынып оқушылары және колледждің 2 курс студенттері). Олимпиада қорытындысы бойынша 138 оқушы келесі кезеңге өтті.
Педагогикалық шеберлік бөлімі
2023 жылдың 1 ақпаны мен 15 сәуір аралығында 2023-24 оқу жылына №9 «Зерде» мамандандырылған мектебіне оқуға түсуге құжаттар қабылдау жүргізілуде (www.qabyldau.kz сайтында онлайн-тіркелу).
4-6 наурыз күндері Алматы қаласы «Shera Inn Hotel» қонақүйінің базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептері басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Конкурсқа елордалық білім беру ұйымдарының (№№ 30 МГ, 38 МЛ, 41 ОМ, 53 МЛ, 59 МЛ, 64 МЛ, 65 МГ (2), 66 МЛ, 67 Г, 76 МЛ, 78 МГ, 79 МЛ, «Экономикалық лицей», БИЛ (ер балалар), Қ. Сатпаев (2) және Ы.Алтынсарин атындағы Binom school) 18 педагогі «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң…» және «Психолог сандықшасы» бағыттары бойынша қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I дәрежелі дипломымен 2 педагог, II дәрежелі дипломымен – 6, III дәрежелі дипломымен – 2 педагог және грамотамен 8 педагог марапатталды.
2023 жылдың 1-3 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында «Shera Inn Hotel» қонақүйінің базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және ынталандыру.
Конкурсқа елордалық білім беру ұйымдарының (№№ 66 МЛ, 68 МГ, 76 МЛ, А.Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектептері мен №№ 34 «Ақ бидай», 85 «Мейіржан» балабақшалары) психологтері 3-5 жылға дейін, 5-7 жылға дейін және 7 жылдан жоғары сатылары бойынша қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығынының III дәрежелі дипломымен 2 психолог және грамотасымен 3 психолог марапатталды.
2023 жылдың 1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында «Shera Inn Hotel» қонақүйінің базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Конкурстың мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, жас педагогтердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Олимпиадаға елордалық білім беру ұйымдарының (№№ 35 МЛ, 66 МЛ, 74 МГ, 87 МГ, 82 «Дарын» МЛ, 85 МЛ (2) және БИЛ (ер балалар)) 8 педагогі, олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегері қатысты (I, II және III дәрежелі дипломдардың иегерлері).
Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I дәрежелі дипломымен – 2 , II дәрежелі дипломымен – 2, III дәрежелі дипломымен – 1, грамотамен – 3 педагог марапатталды.
2023 жылы 29 наурызда Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде тәрбиешілер мен әдіскерлер арасында «Балабақша – жетістік пен денсаулық бастауы» қалалық конкурсын өткізді.
Мақсаты: Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен әдіскерлерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Конкурсқа елордалық 22 мектепке дейінгі білім беру ұйымынан (№ 1 «Бәйтерек», № 3 «Күншуақ» (2), № 11 «Гауhaр», № 12 «Қарлығаш», № 16 «Шағала», № 19 «Балбөбек», № 21 «Гүлдер», № 23 «Алтын бесік» көз көру қабілеті бұзылған балаларға арналған, № 26 «Үміт» (2), № 32 «Балдәурен», № 38 «Шаттық», № 46 «Балабақша-мектеп-гимназия» кешені, № 47 «Ақ желкен» (2), № 61 «Шолпан» (2), № 62 «Нұрсәуле» (2), № 65 «Балбала», № 69 «Еркем-ай», № 71 “Мөлдір”, № 80 «Ботақан» (2), № 87 «Қадыр», № 95 «Алматы» балабақшасының шағын орталығы, 96 «Аяла» арнайы (2) балабақшалары) 29 педагог «Білім беру жүйесіндегі менеджемент» және «Шеберлік палитрасы» бағыттары бойынша қатысты.
«Білім беру жүйесіндегі менеджемент» бағыты бойынша «Астана дарыны» орталығының I дәрежелі дипломымен – 1, II дәрежелі дипломымен – 1, III дәрежелі дипломымен – 2 әдіскер марапатталды.
«Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен -1 , II дәрежелі дипломмен – 2, III дәрежелі дипломмен – 5 педагог марапатталды.
2023 жылдың 27-29 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасын өткізді.
Конкурстың мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын, қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру.
Олимпиадаға еліміздің аймақтарынан 23 команда қатысты. Педагогтер математикалық анализ негіздері, алгебра, геометрия және логикалық, комбинаторлық тапсырмаларды орындады.
Олимпиадаға 3 мектептің 4 мұғалімінен құралған (№9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, №66 мектеп- лицейі (2), №88 мектеп- лицейі) Астанақаласының командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана командасы грамотамен марапатталды.
2023 жылы 15 наурызда «Астана дарыны» орталығы А.Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп-лицейінде елордалық педагогтерге жаратылыстану бағытындағы пәндері бойынша «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» семинарын өткізді.
Семинарға 2019-2023 жылдар аралығында оқушылары биология, химия, география пәндерінен қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде жүлделі орын алған және жалпы білім беру пәндері олимпиадасының нәтижесі бойынша «Астана дарыны» орталығы рейтингісіне енген педагогтер (34 мектептен 64 педагог) қатысты.
Семинарда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ география кафедрасының өкілі, Халықаралық білім қоры «Білім-инновация» бөлімінің әдіскерлері және оқушылары жүлделі орындарға ие болып жүрген ұстаздар (№№6 Г, 46 МГ, 66 МЛ, 73 МЛ, 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі, Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі) өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушыларға және тәжірибесімен бөліскен спикерлерге «Астана дарыны» ДДжПС орталығының сертификаттары берілді.
«QABILET» кәсіби бағдарлау қызметі
Наурыз айында оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес берілді.
Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне желтоқсан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 4мекемеден 9 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді.
- 8 сынып – 1 оқушы;
- 9 сынып – 2 оқушы;
- 11 сынып – 6 оқушы;
- ата-ана – 2.
Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тестері жүргізілді:
- Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
- Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар).