«Астана дарыны» орталығының 2023 жылғы ақпан айында атқарылған іс-шаралары туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

         2023 жылдың ақпан айында «Астана дарыны» орталығы 9 іс-шара өткізді, оның ішінде 1 республикалық және 8 қалалық. Аталған іс-шараларға Астана қаласынан барлығы 6 838 оқушы қатысып, 2 583 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын –398;

I орын – 724;

III орын – 1 461;

Грамота – 1 008.

2023 жылдың 30 қаңтар – 3 ақпан күндері Astana IT University базасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі өтті.

         Олимпиаданың іріктеу кезеңіне Астана қаласының 101 мектебінен барлығы 3377 оқушыға сұраныс тіркелді (соның 3205 қатысты).

         Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны – 1071 (35,8%), оның ішінде: І орын – 151, ІІ орын – 349, ІІІ орын – 720, грамота – 489.

         Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9-11 сыныптардан қатысқан 3205 оқушының 1220-сы (38,1%) қалалық кезеңге өтті. Аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» ДДжПС орталығының І, ІІ и ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Сонымен қатар, қалалық кезеңге мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады: №9 «Зерде», БИЛұ, БИЛқ, №82 «Дарын» и «NURORDA» МЛ.

2023 жылдың 13-18 ақпан күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңі Astana IT University базасында өтті.

         Олимпиаданың қалалық кезеңіне Астана қаласының 112 мектебінен барлығы 1582 оқушыға сұраныс тіркелді (соның 1555 қатысты).  9 сынып – 581 оқушы, 10 сынып -496 оқушы, 11 сынып – 478 оқушы.

         Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны (9-11 сыныптар) – 711 (45,7 %), оның ішінде: І орын – 92, ІІ орын – 212, ІІІ орын – 407, грамота – 274.

         Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне 9-11 сыныптардан қатысқан 1555 оқушының 711–і (45,7%)  қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» ДДжПС орталығының І, ІІ и ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.

           2023 жылдың  21 ақпанында«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «Роботек»   білім беру және спорттық робототехника мектебі бірлесе отырып робототехникадан «Кегельринг-квадро» санатындағы роботтардың жарысын №8 мектеп-лицейінде өткізді. Жарысқа 35 мемлекеттік білім беру мекемелерінен 80 оқушы қатысты.

           Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар «Кегельринг квадро» санатындағы роботтардың жарысы бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды: I орын -1, ІІ орын -2, ІІІ орын -3, грамота -7.

         «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығыАбай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп- гимназиясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 24 ақпан күні9-11 сынып оқушылары арасында  ІІІ қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жобалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) мемлекеттік тілде өткізді.

Байқаудың мақсаты: Абайдың мұрасын зерттеу арқылы бүгінгі білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

  • І кезең: сараптама – 10-17 ақпан аралығы;
  • ІІ кезең: ғылыми жобаны қорғау – 24 ақпан.

Байқауға әр білім беру мекемесінің 9-11 сынып оқушылары арасынан 2 бала қатысты (Ережеде көрсетілген Тілтану мен Әдебиеттану бағыттарынан 1 оқушыдан).

Конкурстың іріктеу кезеңіне 38 білім беру мекемелерінен 62 оқушы қатысып, сараптамадан өткен 36 оқушы жоба қорғау кезеңіне қатысты.

         Қазылар алқасының шешімімен оқушылар төмендегідей жетістіктерге ие болды:

I БАҒЫТ: «Тілтану»: І орын-1, грамота: – 1;

II БАҒЫТ «Әдебиеттану»: І орын – 1, II орын – 2, III орын – 3, грамота -4.

Математикаға қабілетті балаларды анықтау, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру, жаратылыстанумен таныстыру және олимпиадалық резервті қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 25 ақпанында «ЗЕРДЕЛІ» білім беру орталығымен бірлесіп, 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.

Аудандық кезеңге барлығы 972 оқушы қатысып, 414 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша: 1 орын – 132, 2 орын – 114; III орын – 168; грамота-109.

2023 жылдың 24-26 ақпан күндері әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «USTEM» Robotics-Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту» қоғамдық қоры STEM білім беруді дамытудың жол картасы аясында «Central Asia FIRST Championship 2023» роботехникадан Халықаралық жарысының  FIRST республикалық кезеңін өткізді.

Астана қаласынан 25 команда қатысып, 18 жүлделі номинациямен марапатталды.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы 2023 жылдың 25 ақпан күні №63 мектеп-гимназиясының базасында ІІІ қалалық «Құтты білік» оқуларын өткізді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған аталған оқулар биыл Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығы мен шығармашылығына арналды. Елордалық білім беру мекемелерінен 4 номинация бойынша 246 оқушы қатысып, төмендегідей орындарға ие болды: Бас жүлде – 4, І орын – 11, ІІ орын – 31, ІІІ орын – 58, грамота 29.

2023 жылдың 25 ақпанында №72 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география  пəнінен Ұлттық олимпиаданың іріктеу (аудандық) кезеңін өткізді. Олимпиада KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясының қолдауымен өтті.

         География пəнінен Ұлттық олимпиаданың мемлекеттік және орыс тілдерінде өткен іріктеу (аудандық) кезеңіне жалпы білім беру мекемелерінің 7-8 сыныптарынан әр параллельден 5 оқушыдан, барлығы 689 оқушы қатысты.

         Қазылар алқасының шешімімен 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың іріктеу (аудандық) кезеңінің қатысушылары келесі жүлделі орындарға ие болды: ІІ орын-13, ІІІ орын-101, грамота- 61.

2023 жылдың 28 ақпан күні «Астана дарыны» орталығының жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес №4 мектеп-гимназиясының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Жамбыл – жыр алыбы» оқушылар айтысының қалалық кезеңі (әрі қарай-Айтыс) өткізілді. Айтысқа 10 сұраныс келіп түсіп, 5 оқушы қатысты. Айтыс қорытындысы бойынша:

І орын – №86 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жақатаева Науат;

ІІ орын – №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Әсет;

ІІІ орын – №83 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Берік Әсет;

Грамота – А.Байтұрсынов BINOM Sс мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Дүйсенбай Ерсұлтан, №4 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Батан Олжас иеленді.

         №86 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жақатаева Науат, №87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Әсет оқушылар айтысының республикалық кезеңіне жолдама алды.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

1) 2023 жылғы 24 ақпанда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен №56 МЛ-де мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі дарынды оқушыларды анықтау және қолдау» семинары өтті.

Мақсаты: Елордалық бастауыш сынып мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі кәсіби құзіреттілігін арттыру.

 Семинарға елордалық 54 білім беру ұйымынан 94 педагог қатысты.  Оның ішінде 40-ы мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары, 54-і – бастауыш сынып мұғалімі.

Семинарда дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі бастауыш мектеп педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында спикерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасады.

Алғы сөз Шәкәрім атындағы № 56 МЛ директоры Байғазиев Роман Фазыловичке берілді. Директор қазіргі таңдағы бастауыш мектеп педагогтерінің алдында тұрған үлкен міндет – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты ғылым жолына бағыттаудың өзектілігі жайлы ой бөлісті. Орталық пен мектеп арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты келісім-шарт аясында жүргізіліп жатқан бірқатар іс-шаралардың маңыздылығына  тоқталды. 

Орталық директорының ұйымдастыру-педагогикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Буралкиева Гульбакыт Мукашевна қазіргі таңда дарынды балалармен жұмыс жасауда, анықтаумен қатар балалардың дарындылығын дамыту, жаңа сипаттағы тапсырмаларды, бағалауды, формасы жағынан да, мазмұны жағынан да заман рухына сай жаңа форматтағы интеллектуалдық іс-шараларды өткізуді талап ететініне назар аударып, бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада мен конкурстарға шолу жасады. Сонымен бірге Педагогикалық шеберлік бөлімінің елордалық ұстаздармен жүргізіліп жатқан іс-шараларымен таныстырып өтті. 

Қалиев Жабай Нұрмақұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін  қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру және жеке тұлғаны дамыту жолдарына тоқталды.

       «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің атқарушы директоры, м.ғ.магистрі, бірнеше оқу құралдарының авторы, республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының жетекшісі Әрін Қайсарұлы бастауыш сыныптарда оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру туралы қызықты баяндама жасады.

       Экономикалық лицейінің бастауыш сынып мұғалімі әрі бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Роговская Елена Викторовна бастауыш мектепте дарынды балалармен жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижелі болатынын басып айтып, өз оқушыларының жетістіктеріне тоқталып өтті.

      «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімінің педагог-психологі Аубакирова Гульзат дарынды оқушыларды анықтаудағы психолог мамандардың рөлі туралы ой бөлісті.

         №35 МГ педагог-психологі Есильбаева Аселия Акылбековна сергіту мақсатында аудиториямен орыс халық ертегісі «Шалқан» желісінде психологиялық жаттығу жүргізді.

         №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерназар Шынар Қаржаубайқызы өз мектебінде бастауыш буындағы дарынды оқушылармен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс нәтижесінің көрсеткіші табандылық, еңбекқорлық және бала көңілінің пернесін дөп басу екенін атап өтті.

         № 87 МГ директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Шокубасова Мария Амангельдиновна баяндамасында бастауыш сыныптардағы оқушыларды олимпиадаға дайындау және шығармашылық  қабілеттерін дамыта отырып, ғылым жолына баулудағы мұғалім еңбегіне айрықша мән берді.

         № 65 МГ дефектолог-сурдопедагогі Исабекова Алия Муратовна ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың дарындылық қабілеттерін ашу тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісті. 

         Семинар жұмысын қорытындылай келе Орталықтың Педагогиқалық шеберлік бөлімінің басшысы Садвакасова Алма Досжановна орталықтың сайтында орналасқан курс тақырыбын таңдауға арналған «Бастауыш мектепте біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының кіріс сауалнамасы» сұрақтарына жауап беріп, өз ой-пікірлерін қалдыруға болатыны жөнінде мәлімдеме жасады.

         2) Мектепке дейінгі білім беру ұйымында және бастауыш мектепте дарынды балаларды анықтау және қолдау курстары тыңдаушыларының кіріс сауалнамалары жасалды. Аталған сауалнамалар «Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының сайтына орналастырылды.

         3) Ғылыми кеңестің Ережесі, регламенті және жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспары әзірленді, құрамы анықталды.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне желтоқсан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 3мекемеден 7 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:

  • 7 сынып – 2 оқушы;
  • 8 сынып – 2 оқушы;
  • 9 сынып – 1 оқушы;
  • 10 сынып – 1 оқушы
  • 11 сынып – 1 оқушы
  • 4- ата-анаға кеңестер берілді.

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);

«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау (2 кезең).

Ағымдағы жылдың  8 ақпаны күні «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің базасында №75 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары Дарбаева Джамиля, Лукпан Аяулым және Рахметова Амина «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың 2 кезеңінің тесттерін тапсырды. «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің педагог-психологтары Сейдімхан Бексұлтан мен Аубакирова Гульзат диагностикалық тесттердің қорытындысын шығарып, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының платформасына жүктеді.

Семинар

2023 жылы 24 ақпанда Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен елордалық мектептер директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі дарынды оқушыларды анықтау және қолдау» семинары өтті. Семинарға 57 жалпы білім беру ұйымынан 94 педагог (оның ішінде 40 директордың бастауыш білім беру жөніндегі орынбасары, 54 бастауыш сынып мұғалімі) және спикер ретінде «QABILET» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің педагог-психологі Аубакирова Гульзат қатысып, балалардың талантын шыңдаудағы өз тәжірибесімен бөлісті.