«Математикалық регата» республикалық олимпиадасы

2023 жылдың 27-29 наурыз күндері Ақтөбе қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасын өткізді. Конкурстың мақсаты: Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын, қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру. Олимпиадаға еліміздің аймақтарынан 23 команда қатысты. Педагогтер математикалық анализ негіздері, алгебра, геометрия және логикалық, комбинаторлық тапсырмаларды орындады. Олимпиадаға елордалық 3 мектептің 4 мұғалімінен ( №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, №66 мектеп- лицейі (2), №88 мектеп- лицейі) құралған Астана қаласының командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Астана командасы грамотамен марапатталды.