Жалпы білім беретін пәндер бойыншы оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсы туралы ақпарат

2023 жылы сәуір айының 4-5 күндері аралығында онлайн форматта жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы №87 мектеп – гимназиясында өтеді.Конкурс 4 бағыт, 20 секция бойынша өтеді:I бағыт. «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі кілті»: физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым.II бағыт. «Экономикалық және әлеуметтік жағдаяттарды математикалық үлгілеу»: информатика, экономика, математика, қолданбалы математика.III бағыт. «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізі»: химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, биология.​IV бағыт. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»: тарих, этномәдениеттану, құқық, өлкетану, әдебиет, литература, тілтану, языкознание, тілтану (ағылшынша), языкознание (ағылшынша).Астана қаласынан 47 жобамен 58 оқушы қатысады.