Леонард Эйлер атындағы олимпиаданың Қазақстан ұлттық ұйымдастыру комитеті өткізген қорытынды кезеңі 2023 жылы 28-30 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өтті. Олимпиада үш кезеңде өтті: қашықтық, аймақтық және қорытынды.Олимпиадаға қатысушылар – 8 сынып оқушылары, сондай-ақ 8 – сыныптарға арналған тапсырмаларды орындаған төменгі сынып оқушылары. Астана қаласының командасының намысын соңғы кезеңде 6 жас математик : 5 оқушы (БИЛ ер.) және 1 оқушы (Nurorda) қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды ер балаларға арналған « Білім – инновация» лицейінің оқушылары : Алтынбек Ерасыл қола медальға ие болып, «Technodom» сауда үйінің 25 мың теңгелікчегін сыйға алды, ал Басбекұлы Бақжол грамотамен марапатталды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG_20230401_175914_304-1-1024x1024.webp)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG_20230401_175914_492-1-1024x1024.webp)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG_20230401_175914_557-1-1024x1024.webp)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG_20230401_175914_155-1-1024x1024.webp)
![](https://astanadaryny.kz/wp-content/uploads/2023/04/IMG_20230401_175914_603-1-1024x1024.webp)