2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» ұлттық конкурсы республикалық кезеңінің елордалық жас зерттеушілерін марапаттау

Астана қаласының №86 мектеп-гимназиясы базасында 2023 жылдың 24 наурыз күні 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» ұлттық конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың өзі ағымдағы жылдың 16-18 наурыз аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылып өткізілді. Конкурстың республикалық кезеңінде қалалық кезеңі бойынша үздік атанған Астана қаласының 45оқушысы өз жобаларын қорғады. Елордалық жас зерттеушілердің жұмыстарын қорғау нәтижесі: Бас жүлде-3, І орын -10 , ІІ орын -11, ІІІ орын -10 (барлығы 34 медаль), 3 оқушы грамоталармен марапатталды. «Зерде» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз !