«Балабақша – жетістік пен денсаулық бастауы»

Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні сағат 09.00-де Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде (І.Жансүгіров көшесі, 4) «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен балабақша педагогтері және әдіскерлері арасында «Балабақша – жетістік пен денсаулық бастауы» конкурсын өткізу жоспарланып отыр. Мақсаты: Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.