2023 жылы 15 наурызда № 87 «Қадыр» балабақшасының ұйымдастыруымен «Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың көркем-эстетикалық қабылдауын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.Мақсаты: Көркем-эстетикалық тәрбие арқылы балалардың сөйлеуін дамыту, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілеттерін арттыру.Семинарға 25 балабақша меңгерушісі мен педагог қатысты. Іс-шара барысында:«Көктем лебі» музыкалық би композициясы;«Шебер гномдар» сиқырлы студиясында интерактивті ұйымдастырылған іс-әрекет;Мектепалды даярлық тобының тәриеленушісі Анденова Айзараның «Көктемгі оқиға» авторлық ертегісі желісіндегі театрландырылған қойылымы;«Салтым – асыл қазынам» ұлттық дәстүрлерді қолдану арқылы қазақ тілін дамыту тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді.Йорк университетінің түлегі, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің докторанты, «НЗМ» ДББҰ Зерттеу департаментінің директоры Рамазанова Айжан Сагынжановна «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту: зерттеулер не дейді» тақырыбында ғылыми презентация жасап, мектепке дейінгі білім беруді зерттеу нәтижелерімен бөлісті.Queen Mary университетінің түлегі, «Balam» балабақшалар мен ата-аналарға арналған мобильді қосымшаның негізін қалаушы, Қазақстандағы алғашқы Reggio кеңесші Тайбасарова Алтынгуль Булатовна «Реджио жобасының балалардың көркем-эстетикалық дамуына әсері» тақырыбында презентация жасап, тәжірибе ретінде шебер сыныбын өткізді.«Астана дарыны» дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының (бұдан әрі – Орталық) әдіскері Билалова Айдын Саруаровна аталған семинардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін көтеруде және озық педагогикалық тәжірибелерді анықтауда және таратуда маңызы зор екенін атап өтті.Сонымен қатар әдіскер Билалова А. Орталықтың ұйымдастыруымен ағымдағы жылы 29 наурызда қала балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері үшін «Балабақша – жетістік пен денсаулық бастауы» конкурсын өткізу жоспарланғанын жеткізді.