ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі қорытындысы

«Астана дарыны» дарынды жастар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі  мектепалды топтары арасында ІІ қалалық «Бестемше»  ұлттық ойыны жарысының аудандық  кезеңін 2023 жылдың  15-16 наурыз  күндері  №71 «Мөлдір» (Алматы/Есіл аудандары) және №67 «Шұғыла» (Байқоңыр/Сарыарқа) балабақшаларында өткізді.

      Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың төрелік етуімен ІІ «Бестемше» ұлттық ойын жарысы бірнеше айналымда олимпиадалық жүйемен бағаланды. 

     ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңіне қатысқан               27  тәрбиеленушінің 16-сы жеңімпаз – жүлдегерлер қатарынан көрінді:

Алматы ауданы бойынша: 

І орын -1 (№69 «Еркем-ай» б/б);

ІІ орын -2 (№71 «Мөлдір» б/б, №47 «Ақжелкен»б/б);

ІІІ орын – 3 (№66«Толағай» б/б, №36 «Балапан» б/б,№79 «Шабыт»б/б);

Грамота – 2 (№67 «Шұғыла» б/б, №49 «Алтынай» б/б).

Сарыарқа ауданы бойынша:

І орын – 1 (№5 «Ақбота» б/б);

ІІ орын – 1 (№25 «Таңшолпан» б/б);

ІІІ орын – 2 (№44 «Үркер» б/б, №85 «Мейіржан» б/б);

Грамота – 8(№11”Гауһар” б/б, №22 «Әлем» б/б,№65 «Бал бала» б/б, №61 «Шолпан» б/б, №51 «Алтын сандық» б/б, №52 «Еркетай» б/б, №3 «Күншуақ» б/б,№29 «Ақ қайың» б/б).

Есіл ауданы бойынша:

І орын – 1(№92 «Жауқазын» б/б);

ІІ орын – 1(№70 «Құлыншақ» б/б);

ІІІ орын -1 (№56 «Береке» б/б);

Грамота – 1 (№76 «Әдемі» б/б).

Байқоңыр бойынша:

І орын – 1 (№28 «Жұлдыз» б/б);

ІІ орын – 1(№94 «Сұңқар» б/б);

ІІІ орын – 1 (№12 «Қарлығаш»).  

     Ендігі кезекте І,ІІ,ІІІ орын иегерлері  17 наурызда №5 «Ақбота» балабақшасында ұйымдастырылатын финалда өзара сайысқа түседі.