Елордалық жас зияткерлер халықаралық беделді олимпиадалардан
2 күміс және 8 қола медаль алып келді!

2023 жылы 13-15 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында «РФММ» КЕАҚ базасында екі ауқымды интеллектуалды олимпиада: Халықаралық қашықтық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы (АТХО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы (ЖЖХО) өтті. Олимпиаданың мақсаты : Математика ғылымы саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім және ғылыми байланыстарды дамыту. Кіл мықты бақ сынайтын зияткерлік сайыста елорданың намысын математика пәні бойынша республикалық олимпиада облыстық кезеңінің 29 жеңімпазы мен жүлдегері қорғады. Беделді олимпиадада Астанадағы 5 мектептің 9 жас зияткері 2 күміс және 8 қола медаль иеленді. «NURORDA» мектеп – лицейінің 11-сынып оқушысы Нағашыбек Мұхаммед екі олимпиаданың да қола медаліне қол жеткізіп, жүлдегер атанды. «Жібек жолы» (ЖЖХО) Халықаралық математикалық олимпиадасы бойынша: Таңсықбай Абзал – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, қола медаль; Михайленко Александр – №3 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, қола медаль; Нағашыбек Мұхаммед – «NURORDA» мектеп лицейінің 11- сынып оқушысы, қола медаль. Азия – Тынық мұхит (АТХО) халықаралық математикалық олимпиадасы бойынша: Сихимбаев Даниэль – Quantum STEM мектебінің 11-сынып оқушысы, күміс медаль; Құдайберген Амина – дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10- сынып оқушысы, күміс медаль; Аманкулов Нұралы – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы, қола медаль; Абшукур Абдуллах – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы, қола медаль; Бекбосын Нұрсұлтан – дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9- сынып оқушысы, қола медаль; Нағашыбек Мұхаммед – «NURORDA» мектеп лицейінің 11-сынып оқушысы, қола медаль; Құрақбай Даниал – «NURORDA» мектеп лицейінің 9 – сынып оқушысы, қола медаль. Жеңімпаздарды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын халықаралық беделді олимпиадалардағы жеңістерімен құттықтаймыз!