7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін 2023 жылдың 14 наурызында №72 мектеп-лицейінде өткізді. Олимпиадаға KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы демеушілік көрсетіп, сыйлықтарын табыстады. Олимпиаданың мақсаты: Географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру. Жабылу рәсіміне National Geographic Qazaqstan журналының редакторы Шагалаков Айбын Бакытович, Евразия Ұлттық Университеті физикалық және экономикалық география кафедрасының доцентінің м.а., PhD Егинбаева Айгүл Есенгалиевна қатысты. Астана қаласы білім беру мекемелерінің 62 жеңімпазы мен жүлдегері марапатталды. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!