ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі    

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығыАстана қаласы тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесе отырып балалардың ойлау қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту мақсатында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды топтары арасында ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңін 2023 жылдың наурыз айының 15-16 күндері және аудандар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында қалалық кезеңін 17 наурызда ұйымдастырып өткізетінін хабарлайды. ІІ қалалық «Бестемше» ұлттық ойын жарысының аудандық кезеңіне қатысу үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мектепалды топтары арасынан балабақша ішіндегі іріктеу кезеңінен өткен 1 тәрбиеленушіге өтінім сілтеме арқылы қабылданды. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы және халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылардың төрелік етуімен «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңіне қатысушы 32 тәрбиеленуші арасынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, келесі қалалық кезеңге жолдама алады. «Бестемше» ұлттық ойыны жарысының аудандық кезеңі жеңімпаздары мен жүлдегерлері І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар,грамоталармен марапатталады.