«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиаданың қалалық кезеңі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиямен бірлесіп 2023 жылдың 15 наурызында Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша өтетін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізеді.
Мақсаты: Білім алушылардың жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.Олимпиада мемлекеттік тілде өтеді.
Олимпиадаға қатысушылар:
• мектепалды даярлық топтары;
• 1-6 сынып оқушылары;
• колледж студенттері.
Қалалық кезеңге мектепішілік кезеңнен іріктелген бес баладан тұратын команда қатысады. Сараптау барысында оның үшеуі халықаралық олимпиадаға жолдама алады. Қалалық кезеңде жеңімпаз команда мүшелеріне «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының сертификаттары беріледі.
Өтетін орны: Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясы (Бурабай көшесі,38) Бастауыш ғимраты.
Басталуы: сағат 9.00.