«Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» семинары

2023 жылы 15 наурызда елордалық педагогтерге арналған жаратылыстану бағыты пәндері бойынша «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» семинары өтеді. Семинарға 2019-2023 жылдар аралығында оқушылары биология, химия, география пәндерінен қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде жүлделі орын алған және жалпы білім беру пәндері олимпиадасының нәтижесі бойынша «Астана дарыны» орталығы рейтингіне енген педагогтер қатысады. Өтетін орны: А.Байтұрсынов атындағы Binom school мектеп-лицейі (А. Байтұрсынов көшесі, 49 А). Биология, химия пәніне тіркелу:сағат 09.15- 09.45 ; Басталуы: сағ.10.00. География пәніне тіркелу: сағат 14.15-14.45 ; Басталуы: сағат 15.00 . Семинар мемлекеттік және орыс тілінде өтеді.