«Астана дарыны» орталығының 2023 жылғы қаңтар айында атқарылған іс-шаралары туралы  ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР

         2023 жылдың қаңтар айында «Астана дарыны» орталығы 5 іс-шара өткізді, оның ішінде 1 республикалық және 4 қалалық. Аталған іс-шараларға Астана қаласынан барлығы 3 540 оқушы қатысып, 1 416 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын –190;

I орын – 435;

III орын – 805;

Грамота – 589.

         «Астана дарыны» 2022 жылдың 18 қараша және 1 желтоқсан күндері аралығында ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары қалалық конкурсына қатысқан оқушылардың жұмыстарын сараптамадан өткізді. Конкурсқа қатысу үшін 108 білім беру мекемесінен 1515 оқушыға сұраныс келіп түсті. Плагиат пен сараптаманың қорытындысы бойынша қалалық кезеңге 1004 оқушы өтті

         2023 жылы 6 қаңтарда ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының қалалық кезеңі өткізілді, конкурстың қорытындысы бойынша 608 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

2-4 сынып – 305 оқушы: І орын – 33, ІІ орын -113, ІІІ орын – 159, грамота – 92.

5-7 сынып – 303 оқушы: І орын – 40, ІІ орын – 91, ІІІ орын -176, грамота – 98.

2023 жылдың 21 қаңтар күні Nurorda мектеп-лицейі базасында «First Robotics» роботехника бойынша халықаралық біріншілігінің республикалық кезеңіне іріктеу үшін «USTEM Robotics» қоры FIRST LEGO League және FIRST Tech Challenge жарыстарын өткізді.

Астана қаласынан 29 команда қатысып, 22 команда жүлделі орынға ие болды:

2023 жылдың 21 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер пәндік олимпиадасының ІІ (аудандық) іріктеу кезеңі №85 мектеп-лицейде өтті.

Астана қаласы жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 2122 оқушы (7- сыныптан 1060 оқушы,8-сыныптан 1062 оқушы) қатысты.

         Олимпиаданың нәтижесі төмендегідей:

7-сыныптар бойынша: І орын – 45, ІІ орын – 84, ІІІ орын – 184, грамота-152.

8- сыныптар бойынша: І орын – 49, ІІ орын – 98, ІІІ орын – 198, грамота-160.

І,ІІ,ІІІ орынға ие болған жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық кезеңге жолдама алды.

         2023 жылдың 23 қаңтар күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №67 гимназиямен бірлесіп «Есенберлин тағылымы» III аймақтық Есенберлин оқуларын өткізді.

         Оқудың мақсаты – мектеп оқушыларын жазушының тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, оқушылардың шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту. Сонымен қатар І. Есенберлин шығармаларының рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

І.Есенберлин оқуларының ашылу салтанатына: Тұрсынов Г.К. – «Астана дарыны» орталығының директоры, Қашқымбаев А.Н. – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Есенберлин Мағжан Қозыкөрпешұлы – Ілияс Есенберлин немересі, Комбатурова Ұ.Д. – Атбасар қаласы, Ілияс Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі, Құсайынова А.О. – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы, Ономастика және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

         Аймақтық конкурсқа 206 оқушы қатысты. Конкурс аясында қатысушылар Ілияс Есенберлин шығармаларын жатқа оқу, жазушының еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмыстары, жас ақындар мен эссе жазу номинациялары бойынша жарысқа түсті.

​ Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының I, II және III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды: І орын – 9, ІІ орын – 27, ІІІ орын – 44, грамота – 30. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

         «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында №83 мектеп-гимназиясында 2023 жылдың 28 қаңтар күні ІІІ қалалық «Мәуелі мұра» оқуларын өткізді. «Мәуелі мұра» Ғафу Қайырбековтің өмірі мен шығармашылығына арналады.

         IІІ қалалық «Мәуелі мұра» оқуларына 79 мектептен, 188 оқушыға сұраныс түсті, 38 белгілі себептермен қатысқан жоқ. Конкурстың қорытындысы бойынша 56 жүлделі орын, оның ішінде: І орын – 10, ІІ орын – 16, ІІІ орын – 30, грамота – 27.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ

1) 2023 жылғы 25 қаңтарда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастыруымен Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде балабақша мамандары үшін «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің байқаулар мен іс-шараларды ұйымдастырудағы коллаборациясы» семинары өткізілді.

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың моделін жүзеге асыру аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және мектепке дейінгі жастағы балалардың дарындылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру.

Семинарға 96 балабақшадан 122 педагог қатысты, оның ішінде                              58 меңгеруші және 64 әдіскер.

Семинар барысында білікті мамандар мектепке дейінгі жастағы балалардың дарындылығын анықтау және оларды дамыту бойынша өз ойларын ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Алғы сөз колледж директоры Ардақ Аділғазыұлы Әділжановқа берілді. А. Әділжанов Колледж, Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және Орталық арасында өзара ынтымақтастық туралы үш жақты келісім-шарт жасалатыны және келісім-шарт аясында жүргізілетін іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды. 

Орталық басшысының орынбасары Бейсенбаева Ж.М. дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру, олардың қабілеті мен дарындылығын дамыту үшін қажетті жағдай жасау Орталық қызметінің басым бағыттары екенін атап өтті. Ол мектепке дейінгі ұйымдардың даярлық топтарының балаларына арналған: «Жұлдызды жол», «Елорда еркетайы» және «Бестемше» интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық бағыттардағы сайыстар мен конкурстарда қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. Сондай-ақ Жанар Мәулетхановна тәрбиешілер мен әдіскерлерге арналған оқу-жаттығу жиындары мен байқауларын қажеттілікке байланысты тұрақты түрде өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы, Астана қаласының Әдістемелік орталығы Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Қапанова Гүлмира Қапанқызы, № 35 «Ертегі», № 95 «Алматы» балабақша педагогтері Сомшина Ақмарал Есімханқызы, Омарова Жібек Серикқызы, Дюсенбаева Бибігүл Шаяхметқызы балабақшадағы балаларды анықтау бойынша жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

Семинардың соңында Орталықтың Педагогикалық шеберлік бөлімінің басшысы Алма Досжановна Садвакасова семинар қатысушыларына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен әдіскерлері үшін 2023 жылы жоспарланған іс-шараларға қатысу үшін Орталықтың сайтына тіркелуді ұсынды (ақпан – қалалық оқу-жаттығу жиындары, наурыз – «Бала-бақша – табыс пен денсаулық аймағы» байқауы, сәуір – олимпиада).

2) 2023 жылғы 5-6 қаңтарда «Дарын» РҒПО және «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебі бірлесе отырып, Астана қаласында № 92 мектеп-лицейінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» олимпиадасының (әрі қарай – Олимпиада) республикалық кезеңін өткізді.

Олимпиадаға елордалық 7 білім беру мекемесінен (А.Байтұрсынұлы атындағы Binom мектебі, «Talant School», №81 «Astana English School» гимназиясы, № 85 МЛ, № 56 МЛ, № 15 МЛ, № 73 МЛ (2)) 8 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, команда ІІІ орынға ие болды. Барлығы: І орын -2;ІІ орын -1; ІІІ орын- 1; грамота -1.

3) 2023 жылғы 27 қаңтарда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысы (№ 1) өткізілді.

Комиссия отырысына барлығы қатысқандар саны: 5 адам (1 комиссия төрағасы және 4 комиссия мүшесі).

1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Астана дарыны»  ДДжПСО директорының міндетін атқарушы Ж. Бейсенбаева:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31490 болып тіркелген бұйрықтарымен таныстырды. Осы бұйрықтарды басшылыққа ала отырып, орталықта педагог қызметкерді аттестаттау мақсатында комиссия құрылғанын жариялады.

Комиссияның мемлекеттік көрсетілген қызметтердің тиісті стандарты аясында жұмыс жасайтынын атап өтті.

2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың ұйымдастыру–педагогикалық жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Буралкиева педагог-шебер қызметкеріне жеке тоқталып өтті. Бұйрықтың қосымшасында көрсетілген портфолио бөлімдерімен нақтылап таныстырды.

Комиссия К.Е. Баяхметованың портфолиоларын қарады.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша төмендегі шешімдер бір ауыздан қабылданды.

Комиссия ШЕШІМІ:

К.Е.Баяхметоваға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда №31490 бұйрықтарына сәйкес әдіскер ретінде педагог-шебер біліктілік санатын растауына рұқсат берді.

Баяхметова Корлыгаин Ермековна ұсынылып отырған педагог-шебер санатына сәйкес келеді және аттестацияға жіберілді.

«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.

Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне желтоқсан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 3 мекемеден 21 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:

  • 8 сынып – 1 оқушы;
  • 9 сынып – 2 оқушы;
  • 10 сынып –18 оқушы
  • 3- ата-анаға кеңестер берілді.

Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:

  • Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
  • Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);

«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау қорытындысы

2023 жылдың 17 қаңтар күні «Астана дарыны» орталығының «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі  «4К» бойынша (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың 2 – ші  кезеңіне өткен 13 оқушыны сертификатпен және олардың ата-аналарын алғыс хатпен марапаттады: 

1. Әлібай Наргиз – №83 мектеп-гимназиясы;

2. Мухамеджанова Адия – А.Бөкейхан атындағы «Binom school» мектеп-лицейі;

3. Барон Роман – № 84 мектеп-лицейі;

4. Тимофеенко Константин – №45 орта мектебі

5. Дарбаева Джамиля – №75 мектеп-гимназиясы;

6. Мирамбаев Амир – №75 мектеп-гимназиясы;

7. Айбекова Жания – №75 мектеп-гимназиясы;

8. Рахметова Амина – №75 мектеп-гимназиясы

;9. Лукпан Аяулым – №75 мектеп-гимназиясы;

10. Жанадилова Сания – №5 мектеп-гимназиясы;

11. Ивко Вячеслав – №5 мектеп-гимназиясы;

12. Ливицкий Таир – №88 мектеп-лицейі;

13. Ерёменко Тальяна – №27 мектеп-лицейі.