Ұлттық олимпиаданың қалалық (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (І,ІІ,ІІІ орындар) марапаттау рәсімі

🌟2023 жылы 14 наурызда №72 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен өткен Ұлттық олимпиаданың қалалық (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (І,ІІ,ІІІ орындар) марапаттау рәсімін өткізеді. Марапаттау KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясымен бірлесе ұйымдастырылады. Өтетін орны: №72 мектеп-лицейі (А.Байтұрсынов көшесі, 25). Басталуы: сағ.15.00.