Наурыз мейрамы қарсаңында республикалық «Шымырлық пен шеберлік күні» шеңберінде өтетін «Ханталапай» ұлттық ойыны мен «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» ұлттық қолөнер байқауларының қалалық кезеңі қорытындысы

«Астана дарыны» ДДжПСО-ы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес қазақ халқының мәдени мұрасы,салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын таныстыру және шығармашылық жұмысқа тарту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін,қызығушылықтарын,белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында республикалық «Шымырлық пен шеберлік күні» шеңберінде «Ханталапай» ұлттық ойыны және «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» ұлттық қолөнер байқауларының қалалық кезеңін 09 наурыз күні орталық базасында өткізді. Бейнематериалдар бойынша байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттік тілде оқып, тәрбие алушы 3-5(6) жас аралығындағы топтардан «Ханталапай» ұлттық ойынына 6 балабақша (46 тәрбиеленуші), «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» ұлттық қолөнер байқауына 9 балабақша (16 тәрбиеленуші), барлығы 15 (62 тәрбиеленуші) өтінім тіркелді. Астана қаласы өнер, көркемсурет мектептері мен «Өркен» дене тәрбиесі балалар-жасөспірімдер орталығы, сонымен қатар Л.Гумилев атындағы дене шынықтыру және спорт кафедрасының жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы төрелік жасаған қазылар алқасы қатысушылардың видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады: «Ханталапай» ұлттық ойыны байқауы: І орын – 1 (№31 «Ақ сұңқар» б/б); ІІ орын – 2 (№29 «Ақ қайың» б/б, №20 «Арайлым» б/б); ІІІ орын – 1 (№58 «Өркен»б/б).Грамота – 2 (№38 «Шаттық» б/б, №92 «Жауқазын» б/б).«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» ұлттық қолөнер байқауы: І орын – 1(№38 «Шаттық» б/б); ІІ орын – (№38 «Шаттық» б/б); ІІІ орын – 1 (№92 «Жауқазын» б/б).Грамота – 2 (№98 «Мирас» б/б, №55 «Қарақат»). Байқаудың қалалық кезеңінің нәтижесінде «Ханталапай» ұлттық ойындар байқауында жеңімпаз атанған №31 «Ақ сұңқар» балабақшасының мектепалды даярлық тобы командасының және «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» қолөнері байқауы бойынша жеңімпаздар – №38 «Шаттық» балабақшасының 2 тәрбиеленушісінің видеоматериалдары республикалық кезеңге қатысады. Байқаудың екі блок бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар, қатысушыларға сертификаттар электронды нұсқада «Астана дарыны» орталығының сілтемесі арқылы беріледі.