География пəнінен Ұлттық олимпиада.

2023 жылдың 3-ші наурызында №72 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың қалалық (қорытынды) кезеңін өткізді. Олимпиада KAZMEDIA HOLDING ЖШҚ «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясымен бірлесе ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты:Географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.Олимпиадаға қатысушылар өздерінің білімі мен дағдыларын нақты кеңістіктік ауқымда қолдану қабілеттерін көрсете білді. Тапсырмалар географиялық және әлеуметтік маңызы бар, өзекті және қолданбалы географиялық білім мен географиялық дағдыларды талап ететін, сондай-ақ физикалық және қоғамдық географияға байланысты мәселелерге қатысты тақырыптардан тұрды. Қарастырылған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.Ұлттық олимпиаданың финалдық (қалалық) кезеңіне 7 сыныптан 83 оқушы, 8 сыныптан 116 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 7-8 сынып оқушылары арасында география пəнінен Ұлттық олимпиаданың қалалық (қорытынды) кезеңінің қатысушылары келесі жүлделі орындарға ие болды:7 сынып: I орын-6; II орын-7; III орын-12; грамота-26.8 сынып: I орын-7; II орын-10; III орын-20; грамота-24.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!